Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығыс екі ядролық держава – АҚШ пен Ресей арасындағы прокси соғыс (өзге елдегі жанжалды шешу желеуімен өз мақсатына жетуді көздейтін екі ел арасындағы қақтығыс – агенттік ескертпесі) екенін мойындады.
«Президент Трамп мұны ұзаққа созылған, тығырыққа тірелген қақтығыс деп санайды және шынын айтқанда, бұл ядролық державалар: Ресей мен Украинаға көмектесіп жатқан АҚШ арасындағы прокси соғыс», – деп мәлімдеді ол Fox News арнасына берген сұхбатында.
Рубио тығырыққа тірелген Украинадағы қақтығысты тоқтату керектігін баса айтты.
Сейсенбі күні Fox News Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатқанын хабарлады. Пентагон бұл шешімді растады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!