2 қарашада Сауд Арабиясының солтүстігіндегі әл-Джауф аймағында бұршақ аралас қар жауды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Khaleej Times-ке сілтеме жасап.

Ұлттық метеорологиялық орталық елдің солтүстік бөлігіндегі осындай күн райы дүйсенбіге дейін сақталатынын мәлімдеді. Айтуларынша, бұл ерекше табиғи құбылыс өңірдегі лаванда, хризантема және басқа да хош иісті өсімдіктердің жайқала гүлдеуіне сеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ синоптиктер алдағы күндері әл-Джауфтың көптеген ауданында найзағай болуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасының күрт төмендеуі сирек кездесетіндіктен, күзгі қар жергілікті тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!