фото: ашық дереккөзден алынды
Камбоджа Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің жабық отырысында Таиландпен арадағы қарулы қақтығысты дереу тоқтатуға үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Камбоджаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Кео Чхеа мәлімдеме жасап, елінің атысты тоқтату жөнінде үндеу жолдағанын жеткізді.
Камбоджа атысты дереу тоқтатуға шақырды, – деді дипломат БАҚ өкілдеріне.
Қауіпсіздік Кеңесінің өзге мүшелері де екі тарапты сабыр сақтауға шақырып отыр.
Еске салсақ, 24 шілдеде Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада кезекті қарулы қақтығыс орын алды. Әскери күштер алғашқы оқты кім атқанына байланысты бір-бірін айыптауда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс салдарынан 15 адам қаза тапқан.
Reuters дерегі бойынша, ахуал ушығу үстінде, тараптар арасындағы шиеленіс ашық соғысқа ұласуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!