Фото: Islam.kz

Нидерланды азаматтарына шетелден бала асырап алуға толық тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталына сілтеме жасай отырып Almaty-akshamy.kz хабарлайды.

Нидерландының құқықтық қорғау министрі Фрэнк Вервинд парламентке осындай шешім қабылдағаны туралы хабарлады. Өткен айда Нидерландының негізгі заң шығарушы органы социалистік партияның «халықаралық бала асырап алуды кезең-кезеңімен тоқтату» туралы ұсынысын мақұлдаған болатын. Шетелден бала асырап алу мәселесі Нидерландыда көптен көкейтесті мәселеге айналған еді. 2021 жылы зорлық-зомбылық туралы хабарламалардан кейін уақытша тоқтағанымен көп ұзамай Болгария, Венгрия, Лесото, Португалия, Таиланд, Тайван, Филиппин және Оңтүстік Африкадан бала асырап алу мүмкіндігі пайда болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!