Фото: techinsider.ru

Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды. Марқұмға ота жасаған аурухана оның өліміне трансплантация себеп болмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді. 

Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам трансплантациядан кейін екі айдан соң көз жұмды
Фото: Guardian

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы тірі адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!