Стокгольмнен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Эребру қаласындағы ересектерге арналған оқу орталығында болған атыстан шамамен 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл орталық балалар мектебінің қасында орналасқан.
Жергілікті басылымдарда бірнеше адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бұрын да тараған, алайда ресми мәліметтерде тек алты адамның жарақат алғаны айтылған. Полиция құрбандар туралы түсініктеме бермеген еді.
Кейін қала полициясының басшысы Роберто Эйд Форест бұл оқиғадан шамамен 10 адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында шабуыл жасаған адам да болуы мүмкін.
Әзірге теракт белгісі анықталмаған.
«Біз бұл қылмысты жалғыз адам жасады деп ойлаймыз. Оқиға кісі өлтіруге оқталу, өрт қою және қарулы шабуыл ретінде қарастырылуда,» – делінген полиция мәлімдемесінде.
Куәгерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мектеп маңында он шақты оқ атылған. Бұл емтиханнан кейінгі уақытқа сәйкес келген. Бұл уақытта көптеген оқушылар үйлеріне тараған. Ал мектепте қалғандарға сыныптарда жасырынуға тура келген.
Эребрудағы муниципалды білім беру орталығы жиырмадан асқан адамдарды оқытумен айналысқан. Мұнда шетелдіктерге арналған интеграциялық бағдарламалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған курстар ұсынылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!