Швейцарияда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен ниқаб сынды адам бетін толығымен жасыратын киімдер киюге тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, бұл тыйымды бұзған адамға қатысты 100-ден 1000 швейцариялық франкке дейін айыппұл салынбақ, яғни 110,2-ден 1102 долларға дейін.
Швейцария халқы 2021 жылғы наурызда аталған мәселені дауысқа салып, референдумға қатысты. Тыйымды қолдап сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы дауыс берді.
Бұрын бұл шектеу тек Сент-Галлен және Тичино аймақтарында қолданылып келген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!