Фото: Kөлік министрлігінің баспасөз қызметі

KAZINFORM – Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань – Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды.

Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!