KAZINFORM — Сицилия аралындағы жанартау ондаған метр биіктікке күл мен лава фонтанын атқылап жатыр. Бұл туралы Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институты (INGV) хабарлады, деп жазды DW.
Күл жағалаудағы Таормина қаласына, сондай-ақ Пьяно-Провенцано тау-шаңғы курортына дейін жеткен. Ұзындығы шамамен екі шақырымға жуық лава ағыны жанартаудың шығыс беткейімен төмен қарай ағып жатыр.
Туристер мен шаңғышылар түнгі аспан аясында жанартауды тамашалады, гидтердің сүйемелдеуімен атқылауды қауіпсіз қашықтықтан бақылауға мүмкіндік болған. Қазіргі уақытта қауіптілік деңгейі жасылдан сарыға көтерілді, сондықтан таулы аймақтарда жүрген туристерге аса сақ болу ескертілді.
Этна жанартауының биіктігі шамамен 3350 метр, ол — Еуропадағы ең ірі әрекеттегі жанартау. Ол жылына бірнеше рет атқылап, көптеген туристерді өзіне тартады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
