KAZINFORM — Сиднейдегі адам көп жүретін көшеде ер адам 20 адамды жаралады, деп хабарлайды BTA.
Қылмыскер өтіп бара жатқан көліктерге, соның ішінде полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Ол 100-ге жуық оқ атып, халықтың үрейін қашырды.
Белгілі болғандай, бір адамның жағдайы ауыр. Тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғада зардап шеккендердің көпшілігі әйнек сынықтарынан жарақат алған.
Қылмыскер екі сағаттан кейін Сиднейдегі пәтерде ұсталды. 60 жастағы ер адам тұтқындау кезінде алған жарақаттарынан кейін ауруханаға жеткізілді.
— Мұндай оқыс оқиға Австралияда сирек кездеседі. 1996 жылы Порт-Артурда ер адам 35 адамды атып өлтіргеннен кейін елде қару-жараққа тыйым салынған, — делінген ақпаратта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!