SpaceX Starship кемесі Атлант мұхиты үстінде жетінші сынақ ұшуы кезінде жарылған. Миллиардер Илон Масктың компаниясы ғарышқа үлкен жүк тасымалдауға тиіс зымыранның жоғарғы бөлігін жоғалтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кеме жетінші сынақ рейсі кезінде оқыс жағдайға тап болды, ұшырылғаннан кейін шамамен 8,5 минуттан кейін жарылған. SpaceX зымыранның жоғарғы бөлігін жоғалтты, бірақ төменгі бөлігі Жерге қайтарылды.

«Бұл Starship-тің ғарышқа үлкен жүкті жеткізуге жасаған алғашқы әрекеті болуы керек еді. Енді біз шынымен де кемені жоғалтқанымызды растай аламыз», – деді компания өкілі Кейт Тис.

SpaceX 2002 жылы кәсіпкер Илон Маск негізін қалады. Компания ғарышқа саяхат және Марсты зерттеу шығындарын азайту үшін зымырандар мен ғарыш аппараттарын жасап шығарады. SpaceX ғарыш кемесін орбитаға, содан кейін Халықаралық ғарыш станциясына сәтті жіберген алғашқы жеке компания болды. Компанияның маңызды әзірлемелеріне Falcon 9 зымыраны, Falcon Heavy зымыраны және Crew Dragon басқарылатын ғарыш кемесі кіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!