Күні кеше Стамбул қаласында жойқын жарылыс болды. Ердоған қала орталығындағы жарылысты теракт деп атады. Кейіннен күдіктінің ұсталғаны және оның хиджабтағы әйел екені белгілі болды.
Осы оқиғаға қатысты Айгүл Орынбек өзінің фейсбуктағы парақшасында жазба жариялады. Заңгердің айтуынша, көрші елдегі жарылыс біздің елге сабақ болуы керек.
«Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр!
Соңғы уақытта біздің елде тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!
Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін .
Қолдарына қару алулары да бекер емес!
Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек! Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек!
Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!», деп жазды заңгер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!