Америкалық Starbucks корпорациясы 1,1 мың қызметкерін жұмыстан қысқартатынын хабарлады. Бұл туралы компанияның бас атқарушы директоры Брайан Никкол айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте кафе желісінде, өндірісте, қоймаларда істейтіндер қысқартуға ілікпейді. Бұдан бөлек Starbucks бірнеше жүздеген бос жұмыс орнына адам алмау туралы шешім қабылдады.
CEO-ның айтуынша, бұл шаралар корпоративтік иерархияны жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Біз бұл өзгерістер Starbucks-тың болашақтағы жетістігі үшін қажет деп санаймыз», – деді Брайан Никкол.
2024 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Starbucks компаниясында 16 мың қызметкер бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!