Фото: Istock
Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатыр. Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров осылай деп айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлер кабинетінің төрағасы Бішкектегі жылу электр орталығында апат болғанда Қазақстанның Қырғызстанға көмек қолын созғанын еске алды.
“Осы кезеңде біз де оларға сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Сонымен қатар мүмкіндікті пайдалана отырып, Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының арқасында олар біз сұрағанға дейін көмек қолын созды”, – деді Ақылбек Жапаров.
Ол қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен керуен дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыспен төтенше жағдайлар министрлігі айналысады. Қазақстанға Қырғызстанда дайындалған отандық өнімдері жіберіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!