Суданның батысындағы Марра таулы аймағында болған жойқын көшкін бүтін бір ауылды жер бетінен жойып жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, мыңнан астам тұрғыннан тек бір адам ғана аман қалған.
Табиғи апат 31 тамызда нөсер жауыннан кейін орын алған. Жергілікті билік пен құтқару қызметтері оқиға орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.
Дарфур аймағындағы аумақты бақылайтын қозғалыс Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) және халықаралық гуманитарлық ұйымдарға үндеу жасап, ерлер, әйелдер мен балалардың қаза тапқан денелерін табуға көмек көрсетуін сұрады.
Бұл аймақ соңғы жылдары табиғи апаттармен қатар қақтығыстардан да зардап шегіп келеді. Құтқарушылар жағдайдың күрделілігіне байланысты халықаралық қолдаудың аса қажет екенін айтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!