KAZINFORM — БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Суданның оңтүстігіндегі Кордофан өңірінде қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты соңғы екі айда 50 мыңнан астам адамның өз үйін тастап кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Anadolu хабарлады.

Басылымның жазуынша, соңғы күндері Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Кордофан провинциялары орналасқан аймақта Судан армиясы мен Жедел әрекет ету күштері (ЖӘК) арасында қиян-кескі қақтығыстар жүріп жатыр.

— Қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне байланысты 25 қазан мен 17 желтоқсан аралығында Кордофан өңірінің әртүрлі елді мекендерінен 50 445 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, — делінген ХКҰ мәлімдемесінде.
Орындардағы көші-қонды бақылау топтарының хабарлауынша, қақтығыстар күшейген 25 қазаннан бері жалпы саны 39 оқиға жаппай халықтың көшіп-қонуына себеп болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!