Индонезияның орталығындағы Шығыс Ява провинциясында 24 сағат ішінде Семеру жанартауының 11 рет атқылауы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индонезиялық Tempo порталының хабарлауынша, атқылаулар нәтижесінде пайда болған күл бағанасы жанартау кратерінен 1200 м биіктікке немесе теңіз деңгейінен 4876 м биіктікке жеткен.

Елдің жанартау орталығы жергілікті тұрғындар мен туристерге жанартаудан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ден жақын жерде кратерге жақындамауға кеңес берді, сонымен қатар атылған ыстық тау жыныстары қаупіне байланысты одан 3 км радиуста болуға тыйым салды.

Семеру – Индонезиядағы төртінші ең биік жанартау (теңіз деңгейінен 3676 м биіктікте) және Ява аралындағы ең биік шың.

Әлемдегі ең үлкен Индонезия архипелагы 18 мың аралдан тұрады. Ол Тынық мұхиттық өрт сақинасында орналасқан, бұл аймақты күшті сейсмикалық белсенділікке ұшыратады. Индонезияда барлығы 500-ден астам жанартау бар, олардың 130-ға жуығы белсенді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!