Фото: Kazinform
KAZINFORM – Жалпы ұзындығы 171 км болатын «Спитамен – Истаравшан» және «Спитамен – Истиклол» теміржолының құрылысын Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода және Бейжің ғылыми-техникалық және зерттеу институтының президенті Чен Хэ бастаған қытайлық мамандар тобы талқылады, деп жазады ХОВАР агенттігі.
Аталған бағыттар бойынша теміржол құрылысы Тәжікстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие екендігі аталып өтті. Егер теміржол салынып, пайдалануға берілсе, бұл экономиканың дамуына ықпал етеді.
Көлік және байланыс Тәжікстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі саналады, бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.
Тараптар алдымен мамандар, инженерлер мен дизайнерлер зерттеу жүргізеді, содан кейін теміржол салу туралы шешім қабылданады деген келісімге келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!