Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тәжікстан тарапынан көмек сұралды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ұйымның мәлімдемесінде Telegram арналарда тараған деректердің шындыққа жанаспайтыны айтылған.
«2025 жылғы 26 және 30 қарашада болған оқиғаларға байланысты тәжік тарапы ҰҚШҰ-ға қандай да бір көмек сұрап жүгінген жоқ», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Тәжікстанның ҰҚШҰ-мен Ауғанстан шекарасын нығайту аясындағы өзара іс-қимылы тиісті мақсатты мемлекетаралық бағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Reuters агенттігі Тәжікстанның әскери көмек сұрағаны туралы ақпарат таратқан еді. БАҚ елдің Ауғанстанмен шекарадағы қауіптің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдіргенін жазған. Алайда Тәжікстан СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!