Руанда Конго Демократиялық Республикасына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Руанда Конго Демократиялық Республикасына шабуыл жасап, Солтүстік Киву провинциясындағы Гома қаласын M23 тобының көтерілісшілері басып алды. Осы оқиғаға байланысты Руанда өз қатысын жоққа шығарып, туци көтерілісшілері хутулардан қорғану үшін соғысып жатқанын мәлімдеді.

БҰҰ-ның есептеріне сәйкес, M23 тобының көтерілісшілері құрамында руандалық армияның тұрақты бөлімшелері соғысып жатыр. Алайда Руанда бұл айыптауларды ресми түрде жоққа шығарды. Қақтығыстардың ұлғаюы аймақта гуманитарлық апатқа әкеліп, миллиондаған босқындардың пайда болуына, қауіпті аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.

Солтүстік Киву аймағы 20 жылдан астам уақыт бойы көтерілісшілер мен үкімет әскері арасындағы қақтығыстардың орталығы болып келеді. Бұл қақтығыс 1994 жылғы Руандадағы геноцид пен оның салдарынан туған босқындардың әрекеттерінен басталған.

2009 жылы бейбіт келісімдер жасалып, қарулы қақтығыстар тоқтағанымен, аймақтағы шиеленіс әлі де жалғасып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!