Фото: report.az
KAZINFORM – Малайзия мен Таиланд осы аптада күтілетін қатты жаңбыр мен су тасқынының жаңа толқынына дайындалуда. Бұл туралы ел билігі дүйсенбі күні хабарлады, деп жазады Report агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұған дейінгі болған су тасқынынан кейін кейбір қоныс аударған тұрғындар үйлеріне қайта оралып, зардап шеккен аймақтарда жағдай реттеле бастағанымен, билік табиғи апаттардың жаңа толқынын күтуде.
Малайзияда эвакуациялық баспаналардағы адамдардың саны жексенбіде 152 000-нан 128 000-ға дейін азайғанын хабарлаған.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ең қатты зардап шеккен солтүстік-шығыс Келантан штаты 4 желтоқсаннан бастап тағы бір топан суға тап болады.
Таиландтың Метеорологиялық департаменті оңтүстіктегі тұрғындар 3-5 желтоқсан аралығында қатты жаңбырдан, сондай-ақ су тасқынынан, әсіресе тау бөктеріндегі су арналары мен таулы аймақтарға жақын жерлерден сақ болу керектігін айтты.
Айта кетейік, өткен аптада Малайзия мен Таиландта 27 адам қаза тауып, жарты миллионнан астам үй шаруашылықтары толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шекті.
Билік мұны соңғы онжылдықта орын алған ең жойқын су тасқыны деп санайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!