KAZINFORM — Тайваньнның оңтүстігіндегі атом электр станциясында тұтанған өрт сөндірілді және қауіп төндірмейді, деп хабарлайды Reuters.
Бұл туралы бейсенбі күні Taiwan Power Company энергетикалық компаниясы хабарлады.
Компания мәлімдемесіне сәйкес, Пиндун уезіндегі Мааньшан атом электр стансасындағы өрт ядролық жабдықтан 50 метрдей жерде болған және электр қуатын өндіруге әсер етпеген.
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссия радиациялық қауіп жоқ екенін және барлық блок қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп жазды TaiwanPlus.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!