Фото: Интерфакс

Тайванда болған зілзаладан бір адам мерт болып, 50-ден астам тұрғын жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт сөндіру қызметі Тайваньдағы жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 50 адам зардап шекті деп хабарлады.

Сонымен қатар, Тайвандағы зілзаладан кейін Жапонияда зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ. 

РИА Новости хабарлауынша, Хуалянь қаласындаЧжуншань және Чунцин көшелерінің қиылысында ішінара қирап, қисайып қалған ғимаратта сегіз адам қалып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетті. Бірақ құтқару жұмысы кезінде афтершоктар қайталанып жатты. 

Айта кетейік, Тайванда бүгін Бейжің уақытымен таңғы 07:58-де 7,7 балдық зілзала болды. Содан кейін 6,6 балдық жер сілкінісі қайталанды. Метеорологтар Тайваннан шығысқа қарай 5,4 балдық төрт зілзала болғанын хабарлады. 

Зілзаладан Хуалянь қаласында ғимараттар қирады. Сонымен қатар Тайбэй аудандарында электр желісі үзілді. Тайбэй метросын толық тоқтатуға тура келді. Аралдың шығысында көшкін жүрді. 

Оған қоса Жапонияның оңтүстік-батысындағы Окинава префектурасының Миякодзима және Яэяма аудандарында және Окинава негізгі аралында цунами болуы мүмкін екені туралы ескертілді. Содан кейін биіктігі 3 метрлік цунами жаониялық Ёнагуни аралына жетті деген ақпарат тарады. Кейінірек ол Жапонияның Исигаки аралының жағалауына жеткен. 

Бұған дейін жапониялық ғалым Алматыдағы Көктөбе телемұнарасының жер сілкінісіне дайын емес екенін айтқан еді. 

Бұл туралы Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков мәлімдеді.

«Қазақстанда докторлық диссертация қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын және қаладағы көптеген ғимараттар сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын еместігін айтты.

Әсіресе, Алматыдағы ескі телемұнаранының жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізді. Жапондар Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне бізден көбірек алаңдайды», – дейді Жүсіпбеков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!