Фото:depositphotos.com / truba71.gmail.com
Қырғызстанның Бас прокуратурасы террористік және экстремистік ұйымдар тізімін жариялады және онда «Талибан» қозғалысы жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан соттары қызметін заңсыз деп таныған 20 ұйымның тізімі Бас прокуратура сайтында жарияланды. Оған «Әл-Каида», ДАИШ, Мун шіркеуі және басқалары кіреді, бірақ «Талибан» жоқ. Алайда Қырғызстан билігі «Талибанның» тізімнен шығарылуына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұл ретте Ауғанстан СІМ хабарлама жариялады, онда Қырғызстанның «бұрын Ауғанстан Ислам Әмірлігімен байланысты болған Талибан атауын тыйым салынған топтар тізімінен шығару» шешімін жоғары бағалап, құптаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!