Фото: pixabay

Zakon.kz. Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар. Бұл туралы елдегі ғылым академиясының өкілдері хабарлады.

Осы ретте қаланың инженерлік-геологиялық жағдайы, биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылымдық типі, сейсмикалық тұрғыда қаншалықты қауіпсіз екенін анықтау жұмыстары қолға алынбақ.

Заманауи IT технологиялар негізінде ықтималдығы жоғары 7, 8 және 9 баллдық зілзаладан келетін экономикалық шығындарды бағалау моделі әзірленеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!