Гуадалупе өзенінің арнасынан асуына себеп болған нөсер жауын салдарынан Техаста су тасқыны болып, 82 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ондаған тұрғын әлі де із-түссіз жоғалып кеткен.

АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округін ресми түрде апат аймағы деп жариялады.

Штаттағы республикалық шенеуніктер АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметін төтенше жағдайға дайын болмады деп сынға алды. Олардың айтуынша, Трамп әкімшілігінің бюджетті қысқарту саясаты салдарынан халық апат жайлы дер кезінде хабарланбаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!