KAZINFORM — Tesla компаниясы Optimus гуманоидты роботтарын 2027 жылдың соңына қарай сатылымға шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Кәсіпкердің айтуынша, Tesla зауыттарында бірнеше Optimus роботы қолданылып, қарапайым өндірістік тапсырмаларды орындап жатыр.

Маск роботтардың функционалдығы осы жылдың соңына дейін айтарлықтай кеңейтілетінін, ал келесі жылдың соңына дейін компания өнімді шығарып, сатуды бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Илон Маск гуманоидты роботтарды жасау идеясын алғаш рет 2021 жылдың тамыз айында жариялады. Optimus 2024 жылдың қазан айында көпшілікке таныстырылды. Сол кезде Маск роботтың болжамды бағасы 20 000 доллардан 30 000 долларға дейін болады деп мәлімдеді, бұл оны көпшілік үшін қолжетімді етеді.

Tesla Optimus мүмкіндіктерін 2025 жылы көрсетті: көктемде робот билей алатын өнерін көрсетсе, ал күзде Голливудтағы қызыл кілемде жүріп өтті.

Бұған дейін Маск алдағы жылдары гуманоидты Optimus роботтарынан тұратын «армия» құрып, жылына шамамен 1 миллион дана өндірісті ұйымдастыратынын мәлімдеген болатын. Одан кейін шамамен 10 миллион дана өндіріс көлемі бар Optimus 4, содан кейін 50-ден 100 миллионға дейінгі өндірістік қуаты бар Optimus 5 шығарылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!