АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok бойынша келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желінің 80% акциясы америкалық корпорациялардың бақылауына өтеді және ел аумағында жұмысын жалғастыра алады, деп хабарлайды «Адырна«.

Трамп TikTok-тың «толықтай америкалықтардың бақылауында болатынын» атап өтті. Оның сөзінше, Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл жоспарларды мақұлдаған.

Мәмілеге Dell Technologies компаниясының негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры Майкл Делл; Fox News иесі Fox Corp компаниясының төрағасы Руперт Мердок, News Corp газетінің баспагері және әлемдік деңгейдегі төрт-бес инвестор қатысуы мүмкін.

Вице-президент Джей Ди Вэнс жаңа америкалық компанияның құны шамамен 14 млрд доллар болатынын айтты, бұл кейбір сарапшылардың бағалауларынан едәуір төмен.

Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, Oracle және Silver Lake компанияларын қоса алғанда үш инвестор TikTok US акцияларының шамамен 50%-ын сатып алады. ByteDance қазіргі акционерлеріне шамамен 30% акция тиесілі болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!