Фото: pexels.com

KAZINFORM – TikTok/Douyin TOP 500 бренд тізімі бойынша Қытайдағы ең құнды бренд атанды. Бұл туралы Brand Finance хабарлады. 

TikTok Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкін (ICBC) басып озды. Оның құны 3%-ға өсіп, 71,8 миллиард долларға жетті. Ал, WeChat қытайлық брендтер арасындағы ең мықты бренд болды.

Қытайдағы мейрамхана секторында AAA+ белгісі бар ең күшті мейрамхана бренді бойынша Haidilao үздік шықты. Одан кейінгі орынға Luckin Coffee жайғасты. 

Аталған елдегі үздік автомобиль бренді BYD-тің құны 20%-ға артып, 12,1 миллиард долларға жетті. Сол себепті рейтингіде ол көш басында тұр. BYD электр көліктерінің сатылымы жағынан 2023 жылдың соңында Tesla-дан асып түскенін айта кеткен жөн. Керісінше Tesla брендінің құны 12%-ға төмендеп, 58,3 миллиард долларға болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!