Бүгінде жастар VK, Instagram желілеріне қарағанда, TikTok-та көп уақыт өткізеді. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша 500 млн-нан астам адам TikТok қосымшасын пайдаланады, ал оның ішінде 400 млн-ы белсенділік танытып, күніге видео салады. Олардың 69%-ы жасөспірімдер болса, 31%-ы ересек адамдарды құрайды. Сөзбе-сөз айтқанда бүлдіршіннен бастап, жасы үлкен адамдарға дейін бұл желіні жиі пайдаланады.

Ендеше қосымшаның пайдалы және зиянды тұсына тоқталсақ. Мәселен, бұл таланты бар жастар үшін керемет мүмкіндік. Олардың 15 секундтық немесе 1 минуттық бейнеролик түсіру арқылы әлемге танылуға мүмкіндігі бар. Бірақ жетістікке толық жету үшін, алдымен адамды қолдайтын өз аудиториясы болу керек. Екіншіден, танымал болып, жанкүйер саны 1 млн-нан асқан жағдайда қаражат та табуға болады. Үшіншіден, шығармашыл адамдар үшін шабыт көзі. Тіпті желідегі платформа арқылы дәмді тағам әзірлеу үшін түрлі рецепттерді қарап, мамандардың кеңесін тыңдай алады.
Зияны жөнінде айталық. Жарияланған бейнеролик көп көңілінен шықпаса сынап, жағымсыз пікір қалдырады. Сондайақ тақырыпқа шектеу болмағандықтан, адамның миына кіріп-шықпайтын бейнероликтер де болады. Бұл тек шет жағасы ғана. TikTok желісіндегі кейбір танымал адамдар балаларды немесе ересектерді белгілі ісәрекет жасауға итермелейді. 2021 жылдың 8 наурыз күні ТikTok аккаунттарында адамдарды суицид жасауға шақырған екен. Бірақ мұның себебін әлі ешкім білмейді. Дегенмен нақ сол күн барлық елді алаңдатқанын жасыруға болмайды. Бұл осыдан 4 жыл бұрынғы «синий кит» деген ойын тәріздес. Естеріңізде болса, бұл ойын туралы да әлемде біраз сыбыстар тараған болатын. Мәселен, «осы ойынды бастап ойнасаң, одан шыға алмайсың», «бастапқы тапсырмалары оңай, бірақ әр кезең сайын тапсырма қиындайды, ал ең соңында ойын суицидке әкеледі», «тапсырмаларын орындаудан бас тартсаң, қоқан-лоққы жасау арқылы, орындауға мәжбүрлейді» сынды алуан пікір қалыптасты.
Әлемде осындай қосымша жасап, адамдарды суицидке итермелейтіндер көп. Мұның TikTok-қа да қатысы бар. Сол үшін бұндай қоқан-лоққы сөздерге берілмеген жөн.
Әрине кез келген атаананы мазалайтын сұрақ осы. Бірақ пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуы TikTok-тың басты басымдығы болып табылады. Оған 13 жастан асқан жеткіншектер ғана тіркеле алады. Ал одан ерте жастағы пайдаланушыларды модерация қызметі анықтап, бұғаттайды. 2022 жылдың үшінші тоқсанында әлем бойынша мұндай 20 миллионға жуық аккаунт жойылған. Сондықтан қосымшаны сақтықпен пайдаланған абзал.


Ақерке КЕНЖЕБЕК,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!