KAZINFORM – TikTok сервисіне иелік ететін ByteDance компаниясының 41 жастағы негізін қалаушы Чжан Имин Қытайдағы ең бай адамдар рейтингінде көш бастады.
CNN мәліметінше, кәсіпкердің байлығы 2024 жылы 13,6 миллиард долларға артып, 2025 жылдың наурыз айының соңында 57,5 миллиард долларды құраған.
2024 жылдың қазан айында Чжан Имин алғаш рет Қытайдағы ең бай адам атанған болатын.
2017 жылдың мамыр айында ресми іске қосылғаннан бері TikTok бүкіл әлемде тез танымалдылыққа ие болып, дүние жүзіндегі көптеген жастардың сүйікті әлеуметтік медиа платформасына айналды.
Екінші орында 56,6 миллиард доллар капиталымен Tencent Holdings технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы Пони Ма (Ма Хуатэн деген атпен танымал) тұр.
Үшінші орынға бөтелкедегі су мен алкогольсіз сусындар өндіретін Nongfu Spring компаниясының басшысы Чжун Шаньшань жайғасты, оның байлығы 54,1 миллиард долларға бағаланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!