Дағыстандағы Ащысу ауылы маңында Кизляр электрмеханикалық зауытына тиесілі Ка-226 тікұшағы құлап, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.
Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі – тікұшақтың бортмеханигі Петр Суров ауыр халде болып, көп ұзамай ол да көз жұмған.
Хабарламаға сәйкес, тікұшақ пирске қонуға сәтсіз әрекет жасағаннан кейін апатқа ұшыраған. Одан тікұшақтың құйрық бөлігі сынып кеткен, бірнеше минут бойы су үстінде айналып жүріп, кейін бос тұрған жеке үйдің үстіне құлаған. Салдарынан өрт шығып, оны сөндіріп үлгерген.
Апаттың негізгі себебі ретінде техникалық ақау мен ұшқыштың қателігі қарастырылып отыр. Оқиға бойынша «Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Росавиация оқиғаны «апат» ретінде жіктеді.
Бортта туристер болмаған, тек зауыт қызметкерлері ғана болған. Кәсіпорынның Telegram-арнасында қаза болғандардың суреттері жарияланды.
Сонымен қатар, тікұшақта зауыттың атқарушы директоры – кәсіпорын басшысының ұлы болған. Қазіргі уақытта олар Махачқаладағы күйік орталығында ем қабылдап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!