Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, президент Астана мен Афина арасындағы достықты атап өткен.

“Президент өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!