Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшылары бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, береке және өркендеу тіледі.
Әңгімелесу барысында қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға деген берік ұстаным расталды.
Ресми мәлімдемеде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі саяси диалогты белсенді түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!