Трамп әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің көпшілік алдында кешірім сұрағанын күтеді. Бұл туралы DW жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Ақ үй Зеленскиймен қарым-қатынасты ретке келтіру үшін оның көпшілік алдында кешірім сұрағаны қажет екенін меңзеді. Еуропа Зеленскийге қолдау білдіргеніне қарамастан, Трамппен татуласуға шақырды», – деп жазды басылым.

Трамп пен Зеленскийдің Ақ үйдегі жанжалынан кейін еуропалық көшбасшылар Украина президентін қолдады, бірақ кейбіреулері оны АҚШ-пен қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды.

Бұған дейін не болды?

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге 28 ақпанда АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарына құқық беретін келісімге қол қою үшін келетінін мәлімдеді.

28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Оның ұшағы Joint Base Andrews әуе базасына қонды.

Алайда 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен және АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнспен жанжалдан кейін Ақ үйден шұғыл кетті.

Трамп Украина басшысы АҚШ-ты құрметтемейтінін және бейбітшілікке дайын емес екенін мәлімдеді. Кейін көптеген еуропалық көшбасшы, сондай-ақ, ЕО басшылары Зеленский мен Украинаны ашық қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!