АҚШ-тың президенті Дональд Трамп ағылшын тілін елдің ресми тілі деп жариялайтын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жарлық Билл Клинтон әкімшілігі кезінде қабылданған.
Мемлекеттік мекемелер мен федералдық қаржыландыру алушыларды ағылшын тілінде сөйлемейтін адамдарға тілдік қолдау көрсетуге міндеттейтін ережені жояды. Дегенмен, жаңа құжат ведомстволарға құжаттар мен қызметтерді басқа тілдерде ұсынуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бұл шешім АҚШ-та екітілді білім беруді шектеуді және иммиграцияны азайтуды көздейтін “Тек ағылшын” қозғалысы үшін үлкен жеңіс ретінде бағаланып отыр. Қазіргі уақытта 30-дан астам штат ағылшын тілін ресми тіл ретінде мойындаған.
Ақ үйдің мәлімдемесінде бұл қадам елдегі бірлікті нығайтып, үкімет жұмысын тиімдірек етіп, азаматтардың қоғамдық өмірге араласуын арттыратыны айтылған.
АҚШ-та халықтың үштен төрт бөлігі үйінде тек ағылшын тілінде сөйлесе, елде 42 миллион испан тілді және үш миллион қытай тілді адам бар.
Трамп бұған дейін де АҚШ-та “тек ағылшын” саясатын қолдайтынын бірнеше рет білдірген. 2015 жылы президенттікке үміткер кезінде ол қарсыласы Джеб Буштың кейде сұрақтарға испан тілінде жауап беруін сынға алған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!