АҚШ Президенті Дональд Трамп Кабулмен Баграм әуе базасын қайтару және оның аумағында шектеулі америкалық әскер ұстау жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды “Адырна”.
Овалды кабинеде журналистермен әңгімелесу барысында Трамп Баграм әуе базасы мәселесіне қатысты өз ұстанымын тағы да қайталады.
Ол Джо Байден әкімшілігін базадан себепсіз кетуіне сын айтып, бұл әрекетті біліксіздіктің көрінісі деп атады.
«Баграммен не болатынын көрейік. Біз Ауғанстанмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы базадан бас тартуға ешқандай себеп болмады», – деді Трамп.
Сондай-ақ, Трамп егер АҚШ бақылауды қалпына келтірсе, онда шектеулі әскери контингент орналастыруды жоспарлап отырғанын айтты.
«Баграмнан бас тартуға ешқандай себеп болған жоқ. Біз бұл әуе базасын сақтауымыз керек еді», – деп қосты ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!