фото: gazeta.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп екі министрімен сөйлескеннен кейін сауда баждарын енгізуді доғару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды.

Журналистер АҚШ президенті Қаржы министрі Скотт Бессентпен және сауда министрі Ховард Лютникпен кездесіп, талқы жүргізгенін атап өтті.

Олар осы ұрымтал сәтті пайдаланып, баж салығы мәселесінде Трампты өз дегендеріне көндіре алған көрінеді.

Бірақ үлкен кедергі болды: президент кеңсесін үнемі айналсоқтап жүретін, тарифтерді жақсы көретін Трамптың сауда кеңесшісі Питер Наварро деген, – деп жазылған газетте.

Трамп сәуір айының басында 185 елдің өнімдеріне импорттық баж салығын күрт көтерді. Бірқатар мемлекеттер, соның ішінде АҚШ-тың жақын серіктестері үшін тарифтер тауарлардың кедендік құнының 20-30%-на дейін өсті. Алайда, көп ұзамай америкалық көшбасшы 75 елге, соның ішінде Еуропалық Одақ (ЕО) мемлекеттеріне баж салығы бойынша 90 күндік үзіліс жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!