АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында Вашингтон Газа секторын «бақылауына алатынын» және онда экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
BBC арнасының дипломатиялық тілшісі Пол Адамстың хабарлауынша, Трамп Газамен байланысты ұсыныстарымен жұртты таңғалдырудан шаршамайды.
Баспасөз мәслихатында ол АҚШ Газа секторын бақылауына алып, ғимараттарды жермен-жексен ететінін, жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыратынын, «шексіз жұмыс орындарын» құрып, «сол аймақ тұрғындарына» арналған тұрғын үйлер салатынын айтты, бірақ «тұрғындар» деп нақты кімді меңзегенін ашып айтпады.
Бұл мәлімдеме Трамптың Газа секторының барлық палестиналық халқын Иордания, Мысыр және басқа елдерге көшіру туралы ұсынысынан кейін жасалды.
Сонымен қатар Трамп палестиналықтардың Газада қалуға тырысуының жалғыз себебі — олардың басқа баратын жері болмауынан деп мәлімдеді. Ол Газа секторын «толықтай бұзатын аймақ» деп сипаттады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!