Фото: wikipedia.org

KAZINFORM – Трамп «Truth» әлеуметтік желісінде хабарлама қалдырды, деп жазады DW.

Трамп кіші Кеннедиді денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету (HHS) министрі етіп тағайындады.

– Барлық америкалықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы кез келген әкімшіліктің ең маңызды басымдығы саналады және HHS әр адамның зиянды химиялық, ластаушы заттардан, пестицидтерден, фармацевтикалық препараттардан және тағамдық қоспалардан қорғалуын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады, – деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Флорида штатының сенаторы Марко Рубионы алдағы әкімшілігінде Мемлекеттік департаменттің басшысы етіп тағайындады.

Трамп сонымен бірге өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялады. Содан кейін ол Пентагон мен ЦРУ-дың жаңа басшыларын атады және Илон Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!