АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей мен Украинаны 30 күнге сөзсіз атысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамп егер бітім сақталмаса, АҚШ пен оның серіктестері қосымша санкциялар енгізетінін ескертті.
Ресеймен және Украинамен келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ, ең дұрысы, 30 күндік сөзсіз атысты тоқтатуға шақырады. Атысты тоқтату – қолайлы шешім, және екі тарап та осы тікелей келіссөздердің маңызын ұғынуы тиіс. Егер бұл орындалмаса, АҚШ және оның серіктестері жаңа санкциялар енгізеді, – деп жазды Трамп Truth Social парақшасында.
Ол соғыста апта сайын мыңдаған жас сарбаз қаза табатынын айтып, бәрі бұл қантөгістің тоқтағанын қалайтынын жеткізді.
Мен де, Америка Құрама Штаттары да мұны қалаймыз. Президент ретінде мен еуропалық әріптестермен бірге Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікті орнатуға шын ниетпен атсалысамын. Бұл – берік бейбітшілік болуы керек. Уақытша атысты тоқтату түптің түбінде бейбіт келісімге ұласуы тиіс. Мұның бәрі өте жылдам іске аса алады. Егер менің көмегім қажет болса, кез келген уақытта дайынмын, – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!