Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесуінің кестесін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, 18 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де еуропалық көшбасшылар Ақ үйге барады. Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Трамп Зеленскийді қарсы алады, содан кейін кездесу сағат 22:15-те басталады. Осыдан кейін Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те Трамп ЕО көшбасшыларын қарсы алады, сағат 23:30-да олар бірлескен суретке түседі, Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де олардың кездесуі басталады.

Владимир Зеленский Вашингтонға жеткенін хабарлады.

Айта кетейік, олар Трамптың Аляскадағы Ресей президенті Путинмен кездесуінің нәтижелерін талқыламақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!