Фото: AP Photo / Alex Brandon
Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп егер өзі тағы сайланса, Украинадағы дағдарысты шешу үшін Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің келіссөздерін ұйымдастыруға уәде берді, деп хабарлады РИА Новости.
“Мен мұны президент қызметіне кіріскенге дейін реттеймін. Бірімен сөйлесемін, екіншісімен сөйлесемін, оларды кездестіремін”, – деп уәде берді Трамп президенттікке үміткер Камала Харриспен дебат барысында.
Пікірталас кезінде ол Украинадағы қақтығысты тоқтатқысы келетінін айтты. Ол сондай-ақ мұны қарашадағы сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ президенті қызметіне кіріскенге дейін жасайтынына тағы да сендірді.
Бұл ретте Трамп егер ол қайта сайланса, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағат ішінде реттеуге ниетті екенін бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя мұны “мүмкін емес” деп айтты.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы Қырым, КХДР, ЛНР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін мойындауды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды қарастыратын Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жаңа бейбіт ұсыныстар жасады. Киевте бұл бастама қабылданбады.
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин «бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен» келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің Ресей мемлекетінің басшысы бұрын айтқан украин қақтығысын реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!