АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен болашақта кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Америка басшысы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін Ақ үйде журналистерге мәлімдеді.
«Біз президент Путинмен кездесуді кейінге қалдырдық», – деп мәлімдеді АҚШ президенті.
«Маған бұл дұрыс болмайтындай көрінді. Бізге керек нәрсеге қол жеткізе алмайтын секілдіміз. Сондықтан мен оны тоқтаттым. Бірақ біз оны болашақта өткіземіз», – деп мәлімдеді Трамп.
Қазан айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляскадағы саммиттен кейін алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.
Кейінірек ол әңгіме аяқталғанын және «нәтижелі» болғанын жазды. Америка президентінің айтуынша Путин бейбіт келісім жасау идеясына қарсы емес. Трамп тараптар Будапеште жеке кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!