KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың Truth әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, Қытай Boeing компаниясымен келісімнен бас тартты.
Дональд Трамп «Қытай сияқты басты қарсыласпен сауда келіссөздері немесе қазіргідей сауда соғысы кезінде» америкалық фермерлер алдыңғы шепте қалатынын жазды.
— Бір қызығы, олар бұрын толық бекітілген ұшақтарды «қабылдамайтынын» айтып, Boeing-пен жасалған ірі келісімнен бас тартты, — деп қосты ол.
Айта кетейік, АҚШ Қытайға баж салығын әуелі 125%-ға, одан кейін 145%-ға дейін көтерді. Кейін Қытай Америка тауарларына баж салығын 125 пайызға дейін көтерді.
Дональд Трамп АҚШ маңызды минералдардың импортына тәуелділігіне байланысты ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін тергеуді бастау туралы бұйрыққа қол қойған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!