KAZINFORM – P.Diddy деген атпен танымал америкалық рэпер Шон Комбс АҚШ президенті Дональд Трамптан рақымшылық жасауын өтінді.

Трамп мұны CNN телеарнасына берген сұхбатында растады.

Көптеген адам менен кешірім сұраған, соның ішінде Комбс та бар, – деді Ақ үй басшысы.

Америкалық көшбасшы бұған дейін Newsmax-қа берген сұхбатында рэперді кешіруі екіталай екенін білдірген.

Мен онымен тату едім, жақсы қарым-қатынаста болдым, ол жақсы жігіт сияқты көрінді. Мен оны онша танымайтынмын. Бірақ мен президенттікке үміткер болған кезде ол дұшпандық танытты, – деді ол.

Трамп сол кезде бұл Комбсқа рақымшылық жасауды қиындатып отырғаны қосып өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!