АҚШ президенті Дональд Трамп үшінші мерзімге президенттік сайлауға түспейді. Бұл туралы ол NBC арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен 8 жыл, екі мерзімге ғана президент боламын. Мұны әрдайым өте маңызды шешім деп есептедім»,—деді басшы.

Трамп өзінің 2028 жылғы президент сайлауына қатысуын қалайтындар көп екенін жеткізді.

«Менің білуімше, бұлай істеуге болмайды. Мұндай қадамға бармаймын»,—деп толықтырды ол.

Бұған дейін АҚШ-та Трамп үшінші рет сайлауға қатысуы үшін Конституцияны өзгерту мәселесі көтерілген еді. Президенттің өзі де бұл ұсынысқа оң көзбен қарайтынын жеткізген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!