SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты пікір білдіріп, бейбіт келісімге қол жеткізу оңай болмайтынын айтты. Оның сөзінше, қос ел басшыларының арасындағы терең өшпенділік келіссөздерге басты кедергі болып отыр.
«Мәселе – осы екі адамның (Зеленский мен Путин) арасындағы үлкен өшпенділікте», – деді Трамп.
Сонымен қатар ол келісімге келу мүлде мүмкін емес деп кесіп айтудан бас тартты. Трамптың пайымынша, «келісімге жету мүмкіндігі әлі де жоғары», ал АҚШ бұл үдерісте маңызды рөл атқара алады. Алайда егер прогресс болмаса, Вашингтон келіссөздерден мүлде бас тартуы да мүмкін екенін ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!