Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Майамидегі инвестициялық саммитте сөйлеген сөзінде Украинадағы қақтығыс бір жылдың ішінде реттеледі деп есептейтінін мәлімдеді.

Оның пікірінше АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігінің саясаты жалғаса берсе, үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін.

«Біз оны аяқтаймыз. Үшінші дүниежүзілік соғыстан ешкім пайда көрмейді және біз одан соншалықты алыс емеспіз. Егер бұрынғы әкімшілік тағы бір жыл билікте отырғанда, үшінші дүниежүзілік соғыс болар еді. Енді ол болмайды», – деді Трамп.

Трамп бейбітшілікті қалайтынын атап өтті.

12 ақпанда Владимир Путин мен Дональд Трамп бір жарым сағат телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Ресей мен АҚШ азаматтарын алмасуға, сондай-ақ Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қатысты мәселелерді талқылады.

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ келіссөз жүргізді. Келіссөзге Мәскеу атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, ал Вашингтоннан мемлекеттік хатшы Марко Рубио, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Майк Уолтц және Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стивен Уиткофф қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!