Фото: https://dig.watch/updates/

Trump Media and Technology Group биткоиндер мен соған байланысты бағалы қағаздар қорына шамамен 2 млрд доллар жинақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Компанияның хабарлауынша, биткоин активтері қазіргі уақытта Trump Media жалпы өтімді активтерінің шамамен үштен екісін құрап отыр, деп хабарлайды CNBC. 

Дональд Трамптың Nasdaq биржасында акциялары оның DJT инициалымен саудаланатын компаниядағы үлесі шамамен 2,3 млрд доллар.

Forbes талдауына сәйкес, қазір криптовалюта президент Трамп пен оның отбасы байлығының басым бөлігін құрап отыр.

Атап өтілгендей, Трамп криптовалюталық жобалардан, соның ішінде World Liberty Financial орталықтандырылмаған қаржы ұйымынан және оның инаугурациясынан небәрі бірнеше күн бұрын шығарылған $ TRUMP мем-монетасынан миллиондаған табыс тапты.

-Бұл активтер компаниямыздың қаржылық еркіндігін қамтамасыз етуге, бізді қаржы мекемелері тарапынан кемсітушіліктен қорғауға және біз Truth Social экосферасына енгізуді жоспарлап отырған пайдалы токенмен синергия жасауға көмектеседі, – деп хабарлады Trump Media бас директоры Девин Нунес.

Компания сондай-ақ «биткоинмен байланысты бағалы қағаздарға опциондар сатып алу стратегиясына» 300 млн доллар бөлгенін мәлімдеді. Trump Media-ның мәлімдеуінше, ол биткоин сатып алуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!